Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы 2002 жылы ашылған. Сол жағалаудағы ХХІ ғасырдың алғашқы мектебі, Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында орналасқан.
Мектеп лингвистикалық болып табылады, бұл білім алушыларға шет тілдерін жақсы меңгеруге мүмкіндік береді. 20 жыл бойы аудандық, қалалық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, түрлі қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарын, Астана қаласындағы мектептер арасында ҰБТ-ның жоғары көрсеткіштерін жеңіп алды.
Мектеп ЮНИСЕФ-тің «Жаһандық білім беру», «Студенттердің өзін-өзі басқаруы» атты екі жобасында пилоттық болып табылады. Мектепте жас шығармашылық бастамашыл ұжым бар. Ұстаздардың әрқайсысы өз бетінше көп жұмыс жасайтын, жүйелі түрде жетілдіретін, біліктілігін арттыратын, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технология мен жаңалықтарды енгізіп, әр оқушының өз қабілетін ашып, жақсы білім алуына көп күш салатын тұлға.